• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ағымдағы жылдың II тоқсанында уран өндірісінің көлемі 5 650 тоннаны құрады - Қазатомөнеркәсіп

Ағымдағы жылдың II тоқсанында уран өндірісінің көлемі 5 650 тоннаны құрады - Қазатомөнеркәсіп

7 Тамыз, 2014 17:31
2014 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында өндірілген уран көлемі жоспарлық көрсеткіштерге сәйкес 5 650 тоннаны құрады, деп «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Есепті кезеңде «Үлбі металлургия зауыты» АҚ 476 тонна бериллий және 65 тонна тантал өнімдерін шығарды.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 2014 жылдың сәуір-маусым айларында Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысындағы тұтынушылар үшін 1 153 млн кВт*сағат электр энергиясын, 650 мың ГКал жылу энергиясын, 313 млн текше метр су, соның ішінде 3,05 млн текше метр ауыз су өндірді.

Бұл көрсеткіштер өңірдің қуат ресурстары мен суға болған сұранысын қанағаттандыра алады.

Барлық жаңалықтар