Түрік кәсіпкерлері Алматыда тоқыма бизнесін дамытады

7 Тамыз, 2014 19:03
Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасында Түркияның Бірыңғай брендтер Қауымдастығы өкілдерінің кездесуі өтті.

Түркияның Бірыңғай брендтер Қауымдастығының  сыртқы сауда бөлімі директоры Дилек Кочкардың айтуынша, жеңіл өнеркәсіп үлкен сұранысқа ие болып отыр.

«Қаржыны  өнеркәсіптің кез келген саласына салуға болады, сондықтан да жеңіл өнеркәсіпке инвестиция құю арқылы тұрақты табыс жасауға болады. Біз түріктік ең үздік брендтерін Алматыда таратқымыз келеді», - деді ол.

Бүгінгі таңда Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер жасалуда, оларға салық төмендетіліп, мемлекетпен жақсы қарым-қатынас орнатуға  жол ашылды.

Айта кетерлігі, жеңіл өнеркәсіп саласында қазақстандық-түріктік  сала аясында 2014 жылдың 10-12 тамызында «Атакент» көрме орталығында KazFashion халықаралық сән байқауы өтеді. Шарада 100-ден аса әйел, бала және ерлердің киімдері көрсетіледі. 

Барлық жаңалықтар