- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев: Біз мұнай өнімдерінің барлық түрін өзіміз өндіруге тиіспіз
Н. Назарбаев: Біз мұнай өнімдерінің барлық түрін өзіміз өндіруге тиіспіз
Зауытты аралау барысында Мемлекет басшысы жаңа өндірістік қондырғылар құрылысына арналған алаңды көріп, мұнай химиясы зауытын жаңғырту жобасының жүзеге асу барысымен танысты.
Қазақстан Президенті аталған жобаның маңыздылығын атап өтті, оны жүзеге асыру мұнай өнімдерінің жоғары сапалы түрлеріне сұранысты өтеуге мүмкіндік береді.
«Зауытты жаңғырту Қазақстан үшін өте маңызды мәнге ие және ол индустрияландыру үдерісінің бір бөлігі саналады. Мұнай өндіруші ел болғандықтан, біз мұнай өнімдерінің барлық түрін өзіміз өндіруге тиіспіз, -деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы еңбек ұжымының өкілдерімен әңгімелесіп, жұмыс жағдайымен және кәсіпорынның әлеуметтік саясатымен танысты. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев ұжымға жұмыста табыс және бақ-береке тіледі.
Павлодар мұнай-химия зауыты мұнай өнімдерінің оннан астам түрін шығарады, кәсіпорында 3800 адам жұмыс істейді. Зауытты жаңғырту жобасы шикі мұнай өңдеу өнімділігін жылына 7 миллион тоннаға дейін ұлғайтуды, өңдеу ауқымын 90 пайыздан асыруды, ал өнім сапасын Еуро-5 стандартына жеткізуді көздейді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады