Ақмола облысында лифт өндірісі іске қосылады

7 Тамыз, 2014 16:03
Ертең сауда маркасы«Auxe» лифтісін өндіретін қазақстандық-қытайлық бірлескен «SkyExpressElevatorKZ» зауыты іске қосылады, деп хабарлады «Ақмола медиа орталығы».

«Жеделсаты зауыты Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылында орналасқан. Инвестиция көлемі - 4 млн доллар. Ал, кәсіпорынның қуаттылығы жылына 1000-ға жуық жетелсаты», - делінген хабарламада.

Болашақта өндірісті бірден 70%-ға қосу және «СТ-KZ» сертификатын алу жоспарлануда.

Зауыттың өнімі: тұрғын үйлерге, кеңселерге арналған стандартты жеделсатылар. Сонымен қатар, олардың түрлеріне қарай үлкендері де бар

Сондай-ақ хабарлағандай, зауыт жеделсатыларды өздері қосып береді және оған пайдалану барысында қызмет көрсететін болады. 

Барлық жаңалықтар