• Басты
  • Өңірлік даму министрлігі Астана және Алматы агломерациясын дамыту жоспарларын жасады
23 Мамыр, 2013 00:00

Өңірлік даму министрлігі Астана және Алматы агломерациясын дамыту жоспарларын жасады

ҚР Өңірлік даму министрлігі таяу арада Астана мен Алматының агломерациясын дамытудың әзірленген жоспарларын Үкіметке енгізеді, деп хабарлады ҚР Өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин.
Өңірлік даму министрлігі Астана және Алматы агломерациясын дамыту жоспарларын жасады

«Үкімет қаулыларымен – Астана мен Алматы бойынша, және облыс мәслихаттарының шешімімен бекітілетін Ақтөбе, Ақтау және Шымкент бойынша Өңіраралық жоспарларды қабылдаймыз» – деді С. Жұманғарин. 

Ол атап кеткендей, қазіргі таңда басты мақсат бұл агломерациялардың қала құрылысы саясатын үйлестіру болып табылады. 

«Мысалға, Алматы туралы сөз етсек, ол қолданыстағы шектердің агломерация ядросы, бұл жерде ерекше қала құрылысын реттеудің аймағы анықталады. Алматы бойынша шешім қабылданған», – деді Өңірлік даму министрлігі басшысының орынбасары. 

«Бұл аймақта кейбір құрылыс объектілері қала және облыс арасындағы келісім бойынша жүргізіледі. Одан кейін агломерацияны тарту аймағы – оның шеңберінде агломерация бір жарым сағаттық қолжетімділік ареалында кеңейе алады. Мұндай изохрона халықаралық тәжірибеге сәйкес Астана мен Алматыға лайық, ал қалған агломерациялар үшін сағаттық изохрона қолайлы», – деп түсіндірді вице-министр.

Бұдан өзге, агломерациялар үшін контрмагнит қалалардың болуы қарастырылады, олар демографиялық ағынның бір бөлігін алады, осылайша демографиялық қысымды төмендетеді. 

«Айталық, Астана үшін контрмагнит қалалалр Көкшетау, Қарағанды, Атбасар болып табылады, мұнда сәйкес өндіріс дамып, өмір сүруге қолайлы жағдай жасалады», – деп толықтырды ведомство басшысының орынбасары.

«Бұл жұмыстың қортындысы барлық агломерациялар дамуының кешенді қала салу жоспарларын (аймақаралық схемалар) жасау болады. Бұл құжатта барлық аймақтандырулар ескеріледі: онда индустриялды аймақтар, рекреация аймақтары, негізгі қала салу аймағының радиусы қандай, тартылу аймағының радиусы, онда жайлы аудандар орналасады», - деп қортындылады вице-министр. 

Жаңа технологияларды қолдану арқылы агломерациялар мен тартылу аймақтарының инфрақұрылымын үйлестірілген дамытуды қамтамасыз етеді. Бұл жаңа технологиялық шешімдерді пайдаланып біріктірілген көліктік және инфокоммуникациялық жүйені қалыптастыру, ТКШ жетілдіру.

Сонымен бірге, Астана мен Алматы қалаларының ішінде, және де негізгі бағыттар бойынша, қалалардың өз аймақтарының басты композициялық осьтерінде LRT (жеңіл рельсті көлік) желісін және BRT құру көзделген. «Алматыда техникалық-экономикалық негіздеме мен LRT дамыту бағдарламасы жасалуда, Астанада алда жасау қажет», – деді С. Жұманғарин.

Бұдан өзге, үлкен қалалар үшін экологиялық қауіпсіздік және төтенше жағдайларға бейімделу шаралары қарастырылады. 

Жалпы алғанда, ведомство басшысының орынбасары айтып өткендей, Астана және Алматы агломерациясының Өңіраралық даму жоспарлары жүйелік сипатқа ие, олар жыл сайын актуальдандырылып, нақтыланып отырады. 

«Қазірдің өзінде бюджеттік инвестициялық жобалар шеңберінде іс-шаралар бар. Бұл рекреациялық инфрақұрылым, мәдениет нысандары мен спорт нысандарының құрылысы. 2020 жылға дейін агломерация дамуының алғашқы нәтижесін көреміз деп ойлаймын», – деп қортындылады вице-министр.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды