• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада сот және пошта органдарының ақпаратттық жүйелерін интеграциялау сұрақтары талқыланды

Астанада сот және пошта органдарының ақпаратттық жүйелерін интеграциялау сұрақтары талқыланды

7 Тамыз, 2014 15:30
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен «Қазпочта» АҚ-ның республикадағы сот және почта органдарының ақпаратттық жүйелерін интеграциялау жұмыстарының 1-кезеңін іске асыру барысын, сондай-ақ осы бағыттағы перспективалық жоспарларды бекітуді талқылауға арналған жұмыс кездесуі өтті, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Өзара іс-әрекет схемасының 1-кезеңін іске асыру сот органдарының жөнелтілімдеріне «Қазпошта» АҚ тағайындайтын бірегей штрихтік сәйкестендіргіш арқылы  соттар почталық жөнелтілімнің ағымдағы жеткізілу деңгейі туралы хабарламала алып отыруға мүмкіндік алды. «Қазпочта» АҚ-ның жөнелтілім деңгейлері туралы хабарламаларды қалыптастырып, оған негіз пайда болған сәттен бастап оларды Сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдамалық жүйесіне автоматты режимде беруі іске асты. Осылайша, сот кеңсесінің қызметкері өзінің жұмыс орнында отырып-ақ, жөнелтілген хаттардың жеткізілу барысын тексере алады. Бұрын бұл процестер қағаз тасығыштар арқылы қолмен жасалатын, оларды өңдеу үшін көптеген қаржы және адами ресурстар жұмсалатын. 

«Жоғарыда айтылған жаңашылдықтардың негізгі мақсаты бюджет қаражаты мен адами ресурстарды үнемдеу, сот органдарынының почталық жөнелтілімдерінің жоғалып кету, дер кезінде жетпеу фактілерін болдырмау болып табылады, бұл өз кезегінде, сот төрелігін жүзеге асыру сапасына оң әсерін беруде», - делінген хабарламада.

Кездесу барысында автоматтық конвертациялау, сондай-ақ сот органдарының «Қазпошта» АҚ арқылы хат-хабарлар жіберу жұмыстарының келешегі талқыланды, деп жоғарғы соттың ресми порталы хабарлады.

Жоба іске асырылғалы бері 2014 жылдың 4 тамызындағы жағдай бойынша сот органдары почталық байланыс бөлімдеріне 118 мыңнан астам тапсырыстық хат-хабарламалар жіберілді және олардың жеткізілуі туралы автоматты түрде 35 мыңға жуық жөнелтілім деңгейі туралы хабарлама алынды.

Барлық жаңалықтар