• Басты
  • Моноқалаларда ШОБ алты бағыт бойынша дамиды
5 Сәуір, 2013 00:00

Моноқалаларда ШОБ алты бағыт бойынша дамиды

ҚР Өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин моноқалалардағы экономикалық даму, сонымен бірге шағын және орта бизнес шаралары айтып берді.

Моноқалаларда ШОБ алты бағыт бойынша дамиды | Strategy2050.kz

«Моноқалалардың экономикасын дамыту үшін біз құралдардың үлкен пакетін ұсындық. Бірақ, ең бастысы – ШОБ-ті дамыту. Ол 6 бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Барлық моноқалаларда тұрақты жобаларды құру бағдарламасы іске асуда, яғни бұл 100-ден кеме емес жұмыс орны бар ірі өндірістер. Көптеген қалаларда бұл өндірістер жұмысын бастап кетті», - атап өтті С. Жұманғарин. 

Бұдан өзге, ол осы қалаларда жүйе қалыптастыратын ұлттық компаниялар қосымша өндірістер құратынын, бұрыңғы маманданымдар қалпына келетінін айтты. 

«Мысалға, Жанатас пен Қаратау қалаларында «Еврохим» ірі инвестициялық жобасын орналастыру жоспарланған, Жезқазған мен Арқалықта аймақтардың тұйықтығын жоюға мүмкіндік беретін темір жол өтеді», - деп толықтырды ӨДМ басшысының орынбасары. 

Айта кету керек, басқа қалаларда «Бизнестің Жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша субсидиялау 7% болса, моноқалаларда ол 10%-ды құрайды. 

«Айталық, егер банктен 12%-ға несие алатын болса, оның 10-ын мемлекет субсидиялайды, тек 2% ғана бизнесменге артылады. Біз салалық шектеулердің бәрін алып тастадық, моноқалаларда тіпті сауда да субсидияланады, жаңа өндірістерді құруға 3 млн теңгеге дейін ақысыз гранттар қамтамасыз етіледі, ірі кәсіпорындардың шағын бизнеспен серіктестік бағдарламалары жасалады», - деп мысал келтірді вице-министр.

«Биыл моноқалаларды дамытуға 34 млрд теңге қарастырылған. 3 жылда 120 млрд теңге бөлу жоспарланған. Әрине, экономикалық қиыншылықтар да жоқ емес. Осы жылы инфрақұрылымды дамытуға аздау қаржы бөлетін шығармыз, бірақ кез-келген жағдайда моноқалалар бұл ақшаны алады», - деп атап өтті.


Вице-министр атап өткендей, шағын және моноқалаларда аумақты маркетингілеу тұжырымдамасы қолданылады. «Біздің мақсатымыз қаланың адамдарға қызықты болуына ықпал ететін факторларды анықтау», - деді С.Жұманғарин. 

«Мысалы, қала - көлік торабы, индустриялды қала, туристік орталық, тарихи қала. Шортанды, Сарыағаш, Қарқаралы сияқты қалалардың туристік кластер ретінде дамитыны белгілі. Агломерация әсер еткен аймақта орналасқан шағын және моноқалалар да бар. Олар тек Шағын немесе моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде ғана дамып қоймай, Агломерацияны дамыту бағдарламасы аясында жүйелі дамитын болады», - деп қортындылады өңірлік дамудың вице-министрі.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды