Қазақстан Канадамен бірлесіп агробизнесті дамытады - ҰКП

7 Тамыз, 2014 15:02
Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы және Канаданың еліміздегі елшілігі бірлесіп дөңгелек үстел өткізді. Онда отандастарымыз әлемнің ауылшарушылы нарығында ойып тұрып орын алған елдің технологиясымен, жеткен жетістіктерімен танысты, деп хабарлады ҰКП.

Аталмыш кездесудің мақсаты- мал шаруашылығы салысында серіктестік орнату.

Келелі кездесу барысында қатысушылар қазақстандық мал шаруашылығының бүгіні мен ертеңін, технологиялар мен импорт мәселесін талқылады.

Айта кетерлік жайт, соңғы жылдары отандық шаруалар Канаданың асыл тұқымды ірі қара малының 12 мыңнан астам басын елге әкелді. Мұның барлығы қазақстандық шаруалардың ет экспорты әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде Канада әлем бойынша ет экспорты  мен ІҚМ өсіру бойынша көш бастап тұр. Ет экспорты мен мал шаруашылығының пайдасы жылына 6.6 млрд доллардан асып жығылады.

Барлық жаңалықтар