- Басты
- Жаңалықтар
- Италия сарапшысы 25 қазақстандық маманға психомоторика бойынша дәріс береді
Италия сарапшысы 25 қазақстандық маманға психомоторика бойынша дәріс береді
Семинар Қазақстанда инклюзивті қоғам қалыптастыру жобасының аясында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен өткізілуде.
Семинар барысында түрлі аймақтардан келген 25 маман дайындықтан өтеді. Олар «Кеңес» сауықтыру орталығында бірнеше жылдан бері қолданылып келе жатқан бірегей авторлық сауықтыру бағдарламасымен танысады.
Психомоторика бөлімшесінде емделіп жатқан балалармен жұмыс істеп, теориялық білімдерін іс жүзінде бекіте алады. Дайындықтан өткен мамандар биылдан бастап Қазақстанда инклюзивті қоғам қалыптастыруға арналған жоба аясында Астана, Қарағанды, Көкшетау, Ақтөбе қалаларында ашылатын коррекциялық кабинеттерде жұмысқа кіріседі.
Бұл кабинеттер жыл сайын 1500-ге тарта мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетуге есептелген. Мамандар жұмыс барысында семинарда меңгерген психомоторика әдістерін кеңінен қолданбақ.
Аталмыш ғылым саласының жетістіктері әлемнің көптеген елдерінде аутизм, тілінің мүкісі бар немесе психикалық дамуы тежелген балаларды сауықтыру әдісі ретінде кең қолданыс тапқан. Қазіргі таңда Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы саны 138 мыңнан асады.
«Инклюзивті қоғам қалыптастыру жобасының мақсаты - денсаулығында мүкісі бар балалардың басқа қатарларымен бірге жалпы орта білім беретін мектептерде оқып, қоғамда өз орнын табуына көмектесу», - деп шараны ұйымдастырушылар хабарлады.
Айта кетейік, шараны «Дара» қайырымдылық қоры мен «Кеңес» мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді сауықтыру орталығы ұйымдастырды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы