• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Қазақстан мен Ресейдің шекаралас прокуратуралары басшыларының форумы басталды

Астанада Қазақстан мен Ресейдің шекаралас прокуратуралары басшыларының форумы басталды

7 Тамыз, 2014 10:47
Бүгін Астанада Қазақстан мен Ресейдің шекаралас прокуратуралары жетекшілерінің форумы басталды.

Қазақстанның Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев форумды аша отырып Қазақстан мен Ресейдің Бас прокуратураларының ынтымақтастығы көпжақты, екіжақты болсын белсенді дамып жатқандығын атап өтті. Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы мүше-мемлекеттердің бірге жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

«Қазақстан мен Ресейдің Бас Прокуратураларының арасында жақсы қарым-қатынас орнады, оны толық стратегиялық әріптестік деп айтуға болады. Олар ынтымақтастықты жүргізудің пішінін іздестіру, халықаралық қылмыспен күресу сынды қасиеттермен ерекшеленеді», - деді РФ Бас Прокурорының орынбасары Юрий Пономарев.

Басты назар қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету бойынша аймақтық прокуратуралармен тығыз жұмыс істеуге аударылды.

Сондай-ақ, форум аясында ЕАЭО аясында құқықтық әрекет ету тәжірибесі проблемасын қамтамасыз етудің өзекті сұрақтары талқыланды.

Айта кетейік, форум жұмысына  Қазақстан Бас прокуратурасының, Бас көлік прокуратурасының қызметкерлері, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарының прокурорлары, сондай-ақ Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының өкілдері, Ресей Федерациясы Бас прокуратурасы Орал федералдық округі мен Оңтүстік федералдық округтеріндегі басқармаларының басшылары, Алтай Республикасы, Калмыкия Республикасы, Астрахан, Волгоград, Курган, Новосибирск, Омск, Оренбург, Самара, Саратов, Тюмень, Челябинск областары, Батыс-Сібір, Орал және Оңтүстік көлік прокуратураларының жетекшілері қатысуда.

Мадина Нұрбекова 

Барлық жаңалықтар