Н. Назарбаев Екібастұз қаласының бірқатар нысандарын аралады

7 Тамыз, 2014 09:01
Елбасы Екібастұз қаласының М.Глинка атындағы балалардың музыкалық мектебінде, «Проммашкомплект» ЖШС-да, «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС-де болды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президентіне кәсіпорынның өндірістік қызметі және жүк вагондарын шығаруды локализациялау туралы баяндалды. Нұрсұлтан Назарбаев цехтарды аралап көріп, кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесті.

«Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС-нің өндірістік қуаты 2000 жартылай вагон және 500 жабық вагон шығаруға жетеді. Онда 619 адам жұмыс істейді. 2014 жылы фитингтік платформалар шығару жобасын, ал 2015 жылы цистерналар шығару жобасын жүзеге асыру жоспарланған.

Сондай-ақ, Елбасы  «Проммашкомплект» ЖШС тыныс –тіршілігімен танысты. Қ азақстан Президенті өндірістік корпустарды аралап, дөңгелектер мен жол ауыстырушы өнімдер өндірісінің технологиялық үдерісімен танысты. Мемлекет басшысына сондай-ақ теміржол белтемірлері мен дөңгелек жұптарын, рельстік байланыстардың пластикалық элементтерін, темірбетонды діңгектер құрау өндірісін ұйымдастыру жөніндегі жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы Павлодар вагон жасау кәсіпорнының жұмысын қамтамасыз ететін «Проммашкомлект» өнімдері сұранысқа ие екенін атап өтті.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысы дамыған энергетикалық саласы бар қуатты индустриялық өңір болып саналатынына назар аударды және өңір экономикасының монобағдарлылығын өзгертетін жаңа индустриялық нысандар салудың қажеттігін айтты.

 «Проммашкомплект» ЖШС 2012 жылы құрылған, теміржол жабдықтары мен құрамдауыштарының өндірісімен айналысады. Өндірістік қуаты жол ауыстырғыштың 1000, қосалқы жиынтықтың 2 000, крестовиндердің 1000, теміржол дөңгелегінің 48 200 данасын құрайды. 

Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне мұнда музыкалық кәсіптік білім беруді ұйымдастыру үдерістері туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы жас музыканттардың шығармашылығымен танысып, музыкалық аудиториялар мен залдарды аралап көрді.

Қазіргі уақытта 680 бала оқитын М.Глинка атындағы балалардың музыкалық мектебі қосымша білім саласында 13 мамандық бойынша қызмет ұсынады. Сондай-ақ онда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзивтік білім беру саласындағы әлеуметтік және білім жобалары жүзеге асырылады. 

Барлық жаңалықтар