• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысында кедендік төлем мен салық мемлекеттік бюджетіне 29,6 млрд теңге аударылды

Қарағанды облысында кедендік төлем мен салық мемлекеттік бюджетіне 29,6 млрд теңге аударылды

6 Тамыз, 2014 17:41
Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті ағымдағы жылдың 6 айында бюджетке 29,6 млрд теңге кедендік төлем мен салық аударды, деп хабарлады ведомсвтоның баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, кедендік бақылаудан кейінгі тексеріс нәтижесі бойынша қосымша 179,2 млн теңгеге кедендік төлем мен салық жіберілді.

Сонымен қатар, аймақтық кеденшілері жыл басынан бері тауарларға 13,5 мың декларация толтырды, олардың 98% бір күннің ішінде жіберілді. Осы ретте импорт бойынша тауарларды тазарту уақыты жыл басынан бері екі есе азайып 7 сағ  47 минутты құрады. Ал, экспорт бойынша уақыт 10 минутты көрсетті.

«Жалпы, департамент 23 қылмыстық іс қозғады. Контарбандалық тауарлардың құны қылмыстық іс бойынша 196,7 млн теңгені құрады, олардың ішінде 4 млн теңгенің тауары алынса, 2 млн теңгеге жуығы тәркіленді. Әкімшілік тәжірибе аясында 179 іс қозғалып,  40,3 млн теңгеге айыппұл салынды», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар