• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлттық бірлік қазақстандық қоғамды біріктіретін негізгі фактор болуы керек – Құрбанғалиев

Ұлттық бірлік қазақстандық қоғамды біріктіретін негізгі фактор болуы керек – Құрбанғалиев

6 Тамыз, 2014 16:51
Ұлттық бірлік қазақстандық қоғамды біріктіретін негізгі фактор болуы керек, деп ағынан жарылды «Strategy.2050kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында «Шатлык» татар-башқұр ЭМО төрағасы Равиль Құрбанғалиев.

Оның пайымынша, Қазақстанның экономика, әлеумет, рухани даму салаларында жеткен жетістіктері аз емес және осы ретте халық арасында теңдік сақталған.

Ол атап өткендей, Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының  ХХІ сессиясында баса айтқандай ішкі тұрақтылықты сақтап қалу және ұлттар достастығын нығайту мемлекетіміздің табысты дамуының кепілі

«Ұлттық бірлік қазақстандық қоғамды біріктіретін негізгі фактор болуы керек. Осы жолда біз өзіміздің осыған дейін жүргізген нәтижелі еңбегімізді жалғастырып, күш салғанымыз жөн», - деді Р.Құрбанғалиев.

Барлық жаңалықтар