• Басты
  • Жаңалықтар
  • Президент жекешелендірудің екінші толқынына ерекше назар аударуды тапсырды

Президент жекешелендірудің екінші толқынына ерекше назар аударуды тапсырды

6 Тамыз, 2014 15:20
Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында жекешелендірудің екінші толқынына ерекше назар аударуды тапсырды.

«Бұл мемлекеттің ауқымды шарасы, мемлекет бизнестен алшақтау қажет. Бұл нысандардың барлығы нарықтық ортаға бағытталады. Бюджетке сатылым есебінен қаржы түсетін болады», - деді Елбасы.

Өз кезегінде Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов барлық нысандар электронды сатып алудың веб-порталы арқылы жүргізілетіндігін айтты. Бірыңғай алаң – жекешелендіру және мемлекеттік меншік комитеті базасының веб-порталында құрылды.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар