Қазақстан Үкіметінде 12 министрлік болады

6 Тамыз, 2014 15:12
Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Н.Назарбаев министрлер кабинетіндегі жаңа тағайындаулар туралы хабарлады.

«Мен Үкіметтің жаңа құрылымы туралы шешім қабылдадым. Ол 12 министрлік, шамамен 30 комитеттен тұратын болады. Бүгінде 17 министрлік, 9 агенттік, 54 комитет, 272 департамент бар. Яғни, 17-ден 12 министрлік, 54 комитеттен 30-ы қалады, барлық 9 агенттік қысқарып, комитет түрінде министрліктерге өтеді. 272 департаментпен Үкімет айналысады», - деді Президент.

Сонымен,  Елбасының тапсырмасымен Қаржы полициясының өкілеттілігі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігіне,  ТЖМ қызметі ҚР ІІМ-ге беріледі.

«ҚР Энргетика министрлігін В.Школьник, ҚР Жаңа ұлттық экономика министрлігін Ерболат Досаев, ҚР Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму министрлігін Тамара Дүйсенова басқарады», - деп түйіндеді Н.Назарбаев. 

Барлық жаңалықтар