Владимир Школьник энергетика министрі болып тағайындалды

6 Тамыз, 2014 15:05
Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Н.Назарбаев Владимир Школьникті энергетика министрі етіп тағайындады.

«Энергетика министрлігі құрылуда. Себебі бізде энергетика саласында тәртіпсіздік белең алуда: мұнай мен газ бір сала, қатты энергетика бөлек сала, электр энергиясы мүлдем басқа сала, атомдық энергетика өзге сала, түсініп болмайсың. Бұл министрлікке мұнай және газ министрлігі, қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, жасыл экономиканың барлық сұрақтары мен саясатын қоса осы министрліктің құрамына енеді. Осы орайда Владимир Школьникті министрлік басшылығына тағайындауды ұйғардым», - деді Президент.

«Бұл саланың бүге-шүгесін түсіне білетін тәжірибелі маман. Школьниктің бірінші орынбасары болып Ұзақбай Карабалин тағайындалады. «Қазатомпром» ұлттық компаниясын экономика және су ресурстарының бұрынғы министрі Нұрлан Қаппаров басқарады», - деді Елбасы.  

Индира Кауметова 

Барлық жаңалықтар