Қазақстанда Ұлттық экономика министрлігі құрылды

6 Тамыз, 2014 14:35
Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті елде Ұлттық экономика министрлігі құрылатынын айтты.

«Мен Үкіметтің жаңа құрылымы туралы шешім қабылдадым, 17 министрлік пен 9 агенттік, 54 комитет пен 272 департамент орнына  12 министрлік пен 30 комитет жұмыс істейтін болады», - деді Президент.

Сол себепті жаңа 5 министрлік ашылды.

«Ұлттық экономика министрлігіне экономика және бюджеттік жоспарлау, өңірлік даму министрлігі, статистика агенттігі, табиғи монополияларды реттеу агенттігі, бәсекелестікті қорғау, тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі беріледі. Оларды басқаруға Ерболат Досаев тағайындалды», - деді Н. Назарбаев.

«Ол бұл сұрақтарды шеше алады деп ойлаймын. Кезінде қаржы министрі болып  жұмыс істеді, денсаулық сақтау министрлігінде де тәжірибесі бар, бизнеске де қатысы бар және ағылшы тілін меңгерген», - деді Елбасы.

Мадина Нұрбекова 

Барлық жаңалықтар