• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев Үкіметке бизнесті дамытуды қолдаудың бірыңғай бағдарламасын қабылдауды тапсырды

Н. Назарбаев Үкіметке бизнесті дамытуды қолдаудың бірыңғай бағдарламасын қабылдауды тапсырды

6 Тамыз, 2014 14:13
Бүгін Н. Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкіметке бизнесті дамытуды қолдаудың бірыңғай бағдарламасын қабылдауды тапсырды.

«Осы жылдың желтоқсан айына дейін үкімет кәсіпкерлікті қолдауды дамытудың бірыңғай бағдарламасын қабылдауы керек. Шағын және орта бизнес субъектілерінің 2014 жылдың 1 қазанына жиналған айыппұлдары мен өсімдеріне салықтық рақымшылық жасауды тапсырамын», - деді ҚР Президенті.

Тағы бір тапсырма – мемлекеттік экономиканың қатысуын қысқарту.

«Жекешелендірудің екінші толқыны және халықтық IPO бағдарламалары қозғалды. Жеке сектордың ашылуына жаңа мүмкіндіктер жасалуда. Үкімет жекешелендіруді ашық және белсенді түрде жалғастыруы қажет», - деді Елбасы.

Мадина Нұрбекова  

Барлық жаңалықтар