Н. Назарбаев Үкіметке АӨК-ні субсидиялау механизмін өзгертуді тапсырды

6 Тамыз, 2014 14:03
Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкіметке АӨК-ні субсидиялау механизмін өзгертуді тапсырды.

«2016 жылға дейін ірі мал етінің экспортын 60 мың тоннаға жеткізу қарастырылған. Ол үшін біз шетелден мал санын алып фермалар мен қоректендіру орындарын салдық. Ағымдағы жылы ет экспортын 10 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Елбасы ауыл шаруашылығына субсидияны өзгертуді атап өтті.

«Фермерлер өнімнің шығысын білмей өндіреді. Сол себептен ішкі нарықта өнім сұранымға ие болмай қалады. Ауыл шаруашылығы кооперациясы бойынша заң жобасын әзірлеу қажет», - деді Президент.

Мадина Нұрбекова

Барлық жаңалықтар