• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет басшысы ауылшаруашылығы өнімін өндеу көлемін арттыруды тапсырды

Мемлекет басшысы ауылшаруашылығы өнімін өндеу көлемін арттыруды тапсырды

6 Тамыз, 2014 13:33
Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Н.Назараев ауылшаруашылығы өнімін өндеу көлемін арттыруды тапсырды.

«Агроөндіріс саласында «Агробизнес-2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда және АӨК қаржыландыру бойынша шешімдер қабылданған. Алайда ауылшаруашылығы өнімін өңдеу мәселесі әлі де өз шешімін күтуде», - деді Н.Назарбаев.

«Осы ретте Сағынтаевқа аталмыш мәселені шешуді тапсырамын. Біз өз қолымызбен аталмыш салада кедергілерді жасаудамыз.  Біз тек еттің 30%, сүттің 40%, көкеністер мен жеміс жидектердің 4% өңдейміз. Осы ретте тек ауылшарушалығы өндірісінің қуаттылығы 30%-ға ғана жұмыс істейді», - деп атап өтті Президент.

Сонымен қатар, аталмыш мәселені шешуде әкімдердің жұмысын күшейту керек, деп Елбасы толықтырды.

Мадина Нұрбекова

Барлық жаңалықтар