• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ресей және Беларусь өңірлерімен белсенді жұмыс істеу қажеттілігі туды – ҚР Президенті

Ресей және Беларусь өңірлерімен белсенді жұмыс істеу қажеттілігі туды – ҚР Президенті

6 Тамыз, 2014 13:26
ҚР Президенті Үкіметке Ресей мен Беларусьта сауда өкілдіктерін ашуды тапсырды. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

«Үкімет алдында жаңа тапсырмалар тұр. Біріншісі: 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО келісімі өз күшіне енеді, біз Дүниежүзілік сауда ұйымының қатарына кірудің соңғы кезеңіндеміз. Ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін ЭЫДҰ ынтымақтастық бағдарламасы қабылданатын болады. Экономика қызметін тереңдету бойынша жұмысты жалғастыру қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Президент атап өткендей, ресейлік және беларусьтық өңірлермен  ынтымақтастық  жүргізудің  маңызы зор.

Сондай-ақ, Президент теңіз порттарының құрылысын аяқтауды тапсырды.

«Экспорттың диверсификациясы мақсатында Шығыс Еуропа мен Қытай және Қазақстан арқылы Алматыға одан әрі оңтүстікке шығатын жолды аяқтау қажет. Сондай-ақ, Ақтау мен Қорық теңіз порты инфрақұрылымын аяқтау өте маңызды», - деді Елбасы.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар