• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда соңғы 6 айда негізгі капиталға инвестиция көлемі 5,3% құрады - Досаев

Қазақстанда соңғы 6 айда негізгі капиталға инвестиция көлемі 5,3% құрады - Досаев

6 Тамыз, 2014 12:54
Қазақстанда соңғы 6 айда негізгі капиталға инвестиция көлемі 5,3% құрады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев хабарлады.

«Жалпы, ЖІӨ өсімі ішкі сұраныс арқылы артса, соңғы 6 айда негізгі капиталға инвестиция көлемі 5,3% құрады», - деп атап өтті Е. Досаев.

Сонымен қатар, министр қара металлургия, атап айтар болсақ болат өндірісінің артқанын тілге тиек етті.

«Ағымдағы жылы қара металлургия 12,9%-ға өсті, атап айтар болсақ, болат өндірісі 300 мың тоннадан 1905 мың тоннаға дейін артты, құрылыс материалдарының өндірісі 8,1%-ға, түрлі түсті металл рудаларын өндіру 7,2%-ға көбейді», - деп ол толықтырды.

Е. Досаевтың айтуынша,  кейбір салаларда керісінше түсім бар. Дәлірек айтатын болсақ, өндіріс 0,4%-ға қысқарды, мұнай өндіру 1,6%-ға, түрлі түсті метал өндірісі 13,5%-ға азайды. 

Барлық жаңалықтар