• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә. Исекешев: Екінші жарты жылдықта Индустрияландыру картасына 100 жоба енеді

Ә. Исекешев: Екінші жарты жылдықта Индустрияландыру картасына 100 жоба енеді

6 Тамыз, 2014 12:53
2014 жылдың екінші жарты жылдығында Индустрияландыру картасына 100 жоба енеді, деп Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министрдің орынбасары- Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.

«Екінші жарты жылдықта Индустрияландыру картасына 100 жобаны енгізу жоспарланған. Екінші бесжылдық бағдарламасы қабылданды, үкімет шаралар жоспарын құрып, жаңа формат бойынша жұмысты бастады», - деді ол.

Сондай-ақ, ол жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша кешенді жоспар дайындалып жатқанын атап өтті.

Оған қоса, оның айтуынша, екінші бесжылдық құрамындағы басымды жобалары бойынша индустриялды жобалардың инфрақұрылымдық тізімі инвесторлар үшін дайындалуда. Ол «Бәйтерек» ҰБХ, «Самұрық-Қазына» қоры бойынша бірігіп жасалып жатқан жұмыс. Бұл тізім Дүниежүзілік, Ислам, Еуропа және Азия даму банктері арқылы өңделуде.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар