• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014-2015 жылдары ел экономикасына 2 трлн теңгеге жуық қаржы тарту көзделген – Сұлтанов

2014-2015 жылдары ел экономикасына 2 трлн теңгеге жуық қаржы тарту көзделген – Сұлтанов

6 Тамыз, 2014 12:05
2014-2015 жылдарда ел экономикасына 2 трлн теңгеге жуық қаражат тарту көзделуде. Бұл туралы Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады.

«Сіздің тапсырмаңыз бойынша капиталды заңдастыру шаралары қарқынды жүруде. Аталмыш ауқымда шара 1 қыркүйекте басталады.Осы мақсатта 15 тамызда заң қабылданды және оны актілері де бекітілді», - деп хабарлады Сұлтанов.

Оның айтуынша, салық органдарының, әкімдіктер мен банктердің жұмыстарын үйлестүруді арнайы құрылған комиссия қамтамасыз етеді, арнайы call-орталық құрылды, БАҚ жұмыс бір жолға салынды.

«Ауқымды шараның нәтижесінді біз экономикаға ағымдағы жылы және 2015 жылы 2 трлн теңгеге жуық қаражат тартуды көздеп отырмыз. Бюджет 100 млрд. теңгеге толығуы мүмкін», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін мүлік пен капиталды заңдастыру жүргізіледі.

Мадина Нұрбекова

Барлық жаңалықтар