Қазақстанда астық аумақтарының 18,4 % жиналды - ҚазАгро

5 Қыркүйек, 2013 00:00
Қазақстанда 2898,8 мың гектар жерде немесе барлық аумақтың 18,4 % астық жиналды, деп хабарлады «ҚазАгро» мемлекеттік холдингінің баспасөз қызметі.
Ауыл шаруашылық министрлігінің мәліметіне сәйкес орташа астық өнімділігі гектардан 12,2 центнерді құрады. 
 
Холдинг хабарламасында айтылғандай, астық жинау науқанын қаржыландыруға «ҚазАгро» 17 млрд теңге бөлуді көздеп отыр. Аталған соманың 13 млрд теңгесі «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның астық жинау техникасы мен жабдықтарын сатып алуға арналған бюджеттік емес көздерінен болып табылады. 3,9 млрд-қа жуығы тікелей несиелендіру және Несиелік серіктестері жүйесі арқылы қаржыландыруға Аграрлық несие корпорациясының қаржысы.
Барлық жаңалықтар