Жекешелендіруден 4,7 млрд теңгеге жуық қаражат түседі деп жоспарлануда

6 Тамыз, 2014 18:06
Екінші жекешелендіру толқынында ағымдағы жылы облыстық бюджетке 700 млн теңгеге жуық қаражат, республикалық бюджетке 4 млрд теңгеге жуық қаражат түседі деп күтілуде, деп хабарлады ҚР Қаржы минстрлігі.

Айта кетерлік жайт, түрлі деңгейдегі бюджетті толықтыру екінші жекешелердіру толқынының басты мақсаты.

«Дамыған елдерде мемлекеттің экономикадағы үлесі 15%-дан аспайды. Ал, шағын және орта бизнестің жағдайы туралы экономиканың тұрақтылығына байланысы баға береді. Жекешелендірудің екінші толқыны мемлекеттің экономикадағы үлесін қысқартуға және бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасауға арналған», -  делінген хабарламада.

Сонымен, табысын арттырғысы келетін жеке меншік бизнес өзінің қызмет түрлерін көбейтеді және олардың сапасын арттырады. Жалпы, күтімді қажет ететін нысандарды жеке меншіккке өткізу бюджетке салынатын салмақты төмендетеді. Қорыта келгенде бизнес пен адамның бәсекелестілігі артуы керек. 

Барлық жаңалықтар