• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Францияның Қазақстандағы елшісі Жан-Шарль Бертонэні қабылдады

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Францияның Қазақстандағы елшісі Жан-Шарль Бертонэні қабылдады

5 Қыркүйек, 2013 00:00
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов өзінің еліміздегі дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жан-Шарль Бертонэні қабылдады.
Үкімет басшысы елшіге Қазақстан-Франция екіжақты қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін, оның жоғарғы деңгейдегі келісімдерді, атап айтқанда, ірі экономикалық жобаларды жылжытып, жүзеге асыруға тікелей қатысқанын айрықша атай отырып, алғыс айтты. 

Тараптар сауда-экономикалық байланыстар, инвестициялық және қаржылық сала бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамытудың бүгінгі жайы мен перспективаларын талқылады.
Барлық жаңалықтар