Өңірлерде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған орталық ашу қажет – ҰКП

6 Тамыз, 2014 10:03
ҚР ҰКП Нұржан Әлтаев Маңғыстау облысының кәсіпкерлерімен кездесу барысында өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту орталықтарын құру идеясы ұсынылды.

Кездесу Нұржан Әлтаевтың Маңғыстау облысына барған  сапарында ұйымдастырылды, деп ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми порталы  хабарлады.

«ӨКП кәсіпкерлердің мүддесі мен қызығушылығын қорғауы заңды. Меніңше, ӨКП кәсіпкерлікті дамытудағы өзге қызметтерге де қатысқаны жөн, олар: оқыту, инфрақұрылым, инвестиция тарту сынды маңызды сұрақтар. Ол үшін ӨКП жанынан «ақылды қажет ететін орталық» құру қажет. Бұл орталықта өңірдің кәсіпкерлері үшін ортақ проблемалық сұрақтар талқыланатын болады», - деді Өңірлік кәсіпкерлер одағының мүшесі Қуанышбек Аленов.

Сондай-ақ, кездесу барысында өңірдің әрбір ауданы үшін паспорт дайындау қарастырылды, ол бизнес субъектісінің тізімі, жол жағдайы, инфрақұрылымның дамуы.

ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Н. Әлтаев Астанада барлық КПД қатысуымен Маңғыстау облысындағы кәсіпкерліктің даму проблемасы талқыланатынын айтты. 

Барлық жаңалықтар