Алматыда 22 коммуналдық кәсіпорын халықты ауыз сумен қамтамасыз етуде

6 Тамыз, 2014 09:01
Тұрғындарды ауыз сумен үздіксіз қамту мәселесін шешу үшін аудан, қалаларда жалпы саны 22 «Су құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылып, жұмыс істеуде, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Сумен қамту нысандарын іске қосу ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметін жақсарту мақсатында биыл бұл мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және жарғылық капиталын толықтыру туралы шешім қабылданды.

Іске қосу ұйымдары жоқ ауылдық елді мекендерде 46 пайдалану учаскесін құру үшін облыстық бюджеттен 800,0 млн.теңге бөлінді.

«Әрбір учаскеге бір-бір экскаватор-жүк тиегіш, Беларус тракторы, трактордың самосвал тіркемесі, тіркемелі дәнекерлеуші агрегат, полиэтилен құбырларды дәнекерлеуге арналған аппарат сатып алынды», - делінген хабарламада.  

Жалпы Алматы облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасының бірінші кезеңінде 2011-2015 жылдары 350 нысанда 55,5 млрд. теңгеге жұмыс жүргізу жоспарланған.

Соның нәтижесінде 275 елді мекенге берілетін су сапасы жақсартылып, орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 73,5% жететін болады.

 

Барлық жаңалықтар