- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасымен кездесті
Елбасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасымен кездесті
Кездесу барысында Ө.Шөкеев Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобындағы трансформация бағдарламасына әзірлік барысы туралы баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазынаның» отандық экономика акцияларының ірі иеленушісі болып саналатынын атап өтті.
«Барлық мемлекеттік өндірістік компаниялар қордың қарамағында, ал оның міндеті – солардың корпоративтік басқарылуын жақсарту және активтердің құнын арттыру. Өткен жаһандық дағдарыс кезеңінде банктерді қолдау жөнінде елеулі жұмыс атқарылды және қорға олардың акционерлерінің құрамына кіруге тура келді. Бүгінде «Самұрық-Қазына» банк капиталынан шықты, енді ол өндірістік компанияларға инвестиция тарту, жаңа өнім түрлерін игеру, жаңа технологиялар енгізуді қамтитын өзінің негізгі қызметімен айналысуға ден қоюы қажет», – деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде Ө.Шөкеев қорды трансформациялау бағдарламасының басымдығы бар төрт бағыты айқындалғанын атап өтті. Олар: корпоративтік басқару; стандарттау және бизнес-үдерістерді оңтайландыру; басқару мен бизнес-шешімдердің бірыңғай ақпараттық жүйесін жасау; барлық компаниялар тобында жұмысты үздіксіз жетілдіру мәдениетін қалыптастыру.
Қазіргі уақытта аталған бағдарламаны әзірлеу жұмысы аяқталуға таяу. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобын трансформациялау бағдарламасын ресми түрде бастап беретін халықаралық форум өткізу жоспарлануда.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы