• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда балық шаруашылығын дамыту бойынша бағдарламаны жүзеге асыруға 70 млрд теңге қажет

Қазақстанда балық шаруашылығын дамыту бойынша бағдарламаны жүзеге асыруға 70 млрд теңге қажет

5 Тамыз, 2014 14:28
Қазақстанда балық шаруашылығын дамыту бойынша бағдарламаны жүзеге асыруға 70 млрд теңге керек болады. Бұл туралы Бұл туралы ҚР ҚОСРМ ұйымдастыруымен өткен 2020 жылға дейін арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасының жобасы бойынша өткен семинарда ҚР ҚОСРМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Қайырбек Мұсабаев хабарлады.

«Қазақстанда балық шаруашылығын  дамыту бойынша бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 70 млрд теңге керек», - деді сөз басында Қ. Мұсабаев.

Сонымен қатар, ол, бөлінген қаржының жартысынан астамы өндіріске жұмсалады, деп атап өттті.

«Жалпы қомақты қаржы былай бөлінетін болады: 30% балық тауарын дамытуға, 45% өндіріс мақсатында, 10% балықты қорғауды ұйымдастыру және қорғау жұмыстарына, 15% ғылыми әдістемелк қамтамасыз етуге жұмсалады», - деп төраға орынбасары баса айтты.

Айта кетерлік жайт, бұл саладағы жобаны сала мамандары мен меммелкеттік огандар 2014 жылдың 6 шілдесінде мақұлдап қойған. 

Индира Кауметова 

Барлық жаңалықтар