- Басты
- Жаңалықтар
- Батыстағы бекіре балықтарын өсіру зауыттарының қуаттылығы 2 есеге өседі
Батыстағы бекіре балықтарын өсіру зауыттарының қуаттылығы 2 есеге өседі
5 Тамыз, 2014 14:13
Атырау және Орал-Атырау балық зауыттары жылына 12 млн дана жас балықты шығаруды мақсатқа қойып отыр. Бұл туралы 2020 жылға дейінгі балық шаруашылығын дамыту бағдарламасының жобасы бойынша семинар-кеңесте ҚР ҚОСРМ балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Қайырбек Мұсабаев мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Атырау және Орал-Атырау балық зауыттары жылына 7-ден 12 млн дана жас балықты шығаруды мақсатқа қойып отыр», - деді ол.
Оған қоса, балық шаруашылығында қолданылатын су көздерінің әлеуетін сақтап қалу үшін шаралар кешені мен сақтау жұмыстарын жүзеге асыру қарастырылған.
«Бекіре тұқымдас балықтарды өсіруге арналған барлық жағдай қарастырылған. Ол Орал мен Қиғаш балық арықтарында жағдайды жақсартуға бағытталады», - деді Қ. Мұсабаев.
Айта кетейік, тауарлық балық шаруашылығын дамыту әлеуметтік-экономикалық серпін береді. Ол жергілікті халыққа жұмыс орындарын ұсынатын болады.
Индира Кауметова
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде -
О.Бекбас: Тариф құнын өсіру - электр станцияларын апаттан құтқару үшін қажет -
Агроөнеркәсіпті кешенді дамыту шаралары: Еңбек өнімділігі 2,5 есеге артады -
Ақмола облысында бизнеске қолайлы орта қалыптасқан: Қаржыландырылған бизнес жобалар саны 3 есеге өсті -
«Еңбек» бағдарламасы: Тұрақты жұмыс орындары жеті есеге артты -
Батыс Қазақстан облысының әкімі: Ауруханаларда төсек орнын 3 есеге көбейттік -
COVID-19: Елордада өкпесі жасанды желдетуге қосылғандар саны 4 есеге артты -
2019 жылы Қазақстанда автомобиль экспорты он есеге өсті -
Саяси партияларды тіркеудің шекті құны екі есеге төмендейді - М.Тайжан