- Басты
- Жаңалықтар
- Елде 10 медициналық ұйымға толық функционалды медициналық ақпараттық жүйе енгізілуде
Елде 10 медициналық ұйымға толық функционалды медициналық ақпараттық жүйе енгізілуде
«Әр тараптың рөлі, құқығы мен міндеті Тұжырымдамада нақты көрсетілген. Министрлік электрондық денсаулық сақтауды дамытудың саясатын анықтау, электрондық денсаулық сақтауды реттеу мен стандарттау шараларын іске асырады және орталықтандырылған ақпараттық жүйелердің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Медициналық ұйымдар құжат айналымын қағазсыз жүргізуге көшуді іске асыратын және бизнес-үрдістерін толықтай автоматтандыруға қабілетті медициналық, ақпараттық жүйелерді өздері таңдап сатып алады және енгізеді», - делінген хабарламада.
Осылайша қызметтерді бөлу - денсаулық сақтаудың әр түрлі ұйымдары арасындағы мәліметтерге «түрліше» қажеттілік сынды бірталай факторлармен негізделеді. Одан шығатын қажеттілік Қазақстандағы медициналық көмек көрсетудің үлгілері мен түрлерінің әр алуандылы мен ақпараттық жүйелердің функционалында.
Әр нақты ұйымды өз ерекшеліктері мен сұраныстарына сай жеке дара автоматтандыру Халықаралық қауымдастықта қабылданған жаңаша әдіс болып табылады.
Орталықтандырылмаған дамытуға қажетті шарттардың бірі – жеке компаниялар-жеткізушілер медициналық ұйымдарға өз медициналық ақпараттық жүйелерін сапасы бойынша бір-бірімен бәсекеге түсе отырып, ұсына алатын жағдайда электрондық денсаулық сақтау кеңістігінде ашық нарықты құру.
Пилоттық жобаға қатысу үшін Қазақстанның түрлі өңірлерінде орналасқан, құрылымы мен әлеуеті жөнінен бір-бірінен өзгеше ұйымдар таңдап алынды. Пилоттық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде медициналық қызметкерлер паценттердің денсаулығы жөніндегі қажетті ақпаратты тез алуға мүмкіндік беретін, медициналық ақпараттық жүйелерге қол жеткізе алады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек