ШҚО әкімі Франция Елшісімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

5 Тамыз, 2014 14:46
ШҚО-да Қазақстандағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Етьеннің аймақ басшысымен ресми кездесуі өтті, онда тараптар Франциямен ШҚО-ның экономика, туризм мен мәдениет саласындағы байланысын кеңейту мәселелерін қарады.

ШҚО-ның Ақпараттық орталығынан хабарлағандай, облыс Франциямен металлургия және титан өндірісі саласында байланыс орнатып үлгерген.

«Біз ынтымақтастығымызды кеңейтетін жобаларды ұсынуға әзірміз. Білім, денсаулық салаларында байланыс орнатқымыз келеді», - деп атап өттті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Сонымен қатар, ШҚО-да туризмді дамыту болашағы зо салалардың бірі ретінде қарастырылды. Бай және өзіндік ерекшелігі бар табиғат туристер үшін тартымды, алайда сапалы инфрақұрылым қажет.

Бұдан басқа, ШҚО мен Францияның ынтымақтастығын кеңейту бойынша жобалар алдағы маңызды кездесуде қаралатын болады. Біріншісі Парижде 1 қыркүйекте 50 франциялық кәсіпорын өкілдері мен Қазақстанның елшісі Нұрлан Дөненовтың қатысуымен өтетін кездесу, екіншісі Астанада 17 қазанда аймақаралық комиссияның екі ел министрлерінің қатысуымен өтетін отырысы, үшіншісі 5 желтоқсан екі мемлекет басшыларының кездесуі.

Кездесу соңына қарй, Франсис Етьен облыс әкіміне ШҚО-дағы Францияның құрметтті консулына лайықты кандидатты тағайындайды ұсынды.

Барлық жаңалықтар