ОҚО-да ет өндіру 3,7%-ға артты

5 Тамыз, 2014 19:43
Ағымдағы жылдың біріші жартыжылдығында шаруашылықтың барлық санаттары бойынша мал шараушылығы өнімдерінің негізгі түрлері өткен жылмен салыстырғанда: ет өндіру 3,7%-ға артты, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Үстіміздегі жылдың біріші жартыжылдығында шаруашылықтың барлық санаттары бойынша мал шараушылығы өнімдерінің негізгі түрлері артты  91,4 мың тн., сүт – 4,8% артып, 362,2 мың тонна жұмыртқа – 134,1 млн. данаға жетті.   

Ірі мүйізді қара малдың саны 1 028,9 мың, қой мен ешкі  4 654,5 мың, жылқы 228,9 мың, түйе 22,8 мың, құс 2 264,1 мың басты құрады.

 «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы шеңберінде әзірленген  «Сыбаға» бағдарламасы бойынша фермерлік шаруашылықтарды дамытуға 3544 бас ірі-қара сатып алынды. 

Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бойынша 477 дана ауыл шаруашылығы техникалары алынды  немесе меже 69,5 % орындалды.

Барлық жаңалықтар