- Басты
- Жаңалықтар
- Атырауда ТКШ және құрылыстағы энерготиімділікке қатысты семинар өтті
Атырауда ТКШ және құрылыстағы энерготиімділікке қатысты семинар өтті

Семинар барысында БҰҰ Даму бағдарламасы Ғаламдық экологиялық қор (БҰҰДБ/ҒЭҚ) жобасының сарапшылары жылумен қамтамасыз етудегі энерготиімділіктің экономикалық және экологиялық артықшылықтары, облыстың елді мекендеріне энерготиімді технологияларды енгізу, ғимараттардағы нормативтік талаптар, құрамында сынабы бар шамдарды кәдеге жарату және тағы басқа мәселелерді ортаға салып талқылады, пікір алмасты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, БҰҰ Даму бағдарламасының негізгі міндеті – елдердің дағдарысқа қарсы төтеп беруін арттыру және қоғамның барлық топтарының өкілдерімен ынтымақтасу. «Энергияны үнемдеу – бүгінгі таңдағы басты талаптардың бірі. Осыған орай облыс бойынша жүзден астам шараны қамтитын кешенді жоспар жасақталды. Биылғы алты ай қорытындысымен сол іс-шаралардың 66-сы орындалды. Қалғаны жылдың соңына дейін жүзеге асатын болады.
Бұл, ең алдымен, қомақты бюджеттік қаржыны үнемдеуге септігін тигізеді. Соңғы екі-үш жылда энергия үнемдейтін құрал-жабдықтарды орнату арқылы бюджеттің 100 миллион теңгедей қаржысын үнемдедік. Осы орайда, біз облыстағы барлық мекемелерге ұсыныстар мен тапсырмалар берудеміз», - дейді семинарға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев.
Ал, семинарды ұйымдастырушы – жоба жетекшісі Сырым Нұрғалиев энергияны үнемдеуге халықтың да оң көзқарас білдіре бастағандығын айтты. Энергияны үнемдейтін құрамында сынабы бар шамдарды үй маңдарындағы қоқыс жәшіктеріне, далаға лақтыруға болмайтыны белгілі.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы
-
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы

