Жамбылдықтардың өмір сүру ұзақтығы 2 жылға артты

5 Тамыз, 2014 10:15
Соңғы 5 жылда аймақтағы денсаулық индикаторы жақсарды, деп Жамбыл облысы әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

Жамбылдықтардың өмір сүру ұзақтығы 2009 жылмен салыстырғанда 2 жылға артты. Бұл ақпарды облыстық мәслихаттың сессиясында облыстың бас мейірбикесі Салтанат Омарбекова мәлімдеді.

Қазір қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 69 жыл 9 айды құрайды, 2015 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 70,4 көтеріледі деп күтілуде.

«Бұл уақыт аралығында туу көрсеткіші жақсарды. 2009 жылы 1000 адамға 26 сәби туылса, 2013 жылы 26,8-ді құрады. Оған қоса, ана өлімі 2009 жылғы 40,88 көрсеткішінен 2013 жылы 14,8 қысқарды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, осы уақыт аралығында туберкулезбен ауру көрсеткіші 15 пайызға қысқарды.

«Бүгінде облыста 430 медициналық мекеме жұмыс істейді, медқызметті 2406 дәрігер көрсетеді, оның ішінде 3 медицина ғылымдарының докторы, 28 медициналық ғылым кандидаты, 8997 орта санат дәрежесінің қызметкерлері. Қазір бір науқас адамға жылына 70082 теңге жұмсалады», - деді С. Омарбекова.

 

 

Барлық жаңалықтар