• Басты
  • Жаңалықтар
  • Атырауда жарты жыл ішінде 222 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы қолданысқа берілді

Атырауда жарты жыл ішінде 222 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы қолданысқа берілді

5 Тамыз, 2014 09:16
Атырауда жыл басынан бастап 222 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы қолданысқа берілді, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Атырау облысында «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы қарқынды түрде іске асырылуда.

Өткен жылы облыс бойынша жалпы алаңы 515 шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілсе, биыл жарты жыл ішінде 222 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы өз иелерін қабылдады.

Бұдан басқа облыс әкімінің тапсырмасымен жергілікті бюджет арқылы әр ауданда көп қабатты 60 пәтерлік тұрғын үй салынды. Сондай-ақ, алты ауданда бір пәтерлік он үйдің құрылыстары жүруде.

 

Барлық жаңалықтар