- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев әлеуметтік серіктестік бойынша Республикалық комиссияның отырысын өткізді
Б.Сағынтаев әлеуметтік серіктестік бойынша Республикалық комиссияның отырысын өткізді
Комиссия жұмысына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, өңірлік кәсіпкерлер палатасының және кәсіби одақ өкілдері қатысты.
Республика өңірлеріндегі еңбек қарым-қатынастырының жағдайы туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова баяндады.
Оның мәліметінше, ағымдағы жылдың басынан бері 10 еңбек жанжалы, оның ішінде Маңғыстау облысында - 4, бір бірден - Астана қаласында, ШҚО, СҚО, ОҚО, Алматы және Атырау облыстарында шыққан. Еңбек жанжалының негізгі шығу себебі жалақыны уақытылы төлемеу және жұмысшылардың оны көтеруін талап етуі болып отыр.
Еңбек министрінің айтуынша, барлық жанжалдар мемлекеттік органдардың қатысуымен құқықтық жауап қайтару арқылы дер кезінде реттелді. Еліміздегі жалақы бойынша қарыз үстіміздегі жылдың ақпанынан бастап шілдесіне дейін шамамен үш есеге қысқарып, 253 млн теңгені құрады.
Сондай-ақ, РҮК отырысында Еңбек күнін өткізуді ұйымдастыру бойынша Іс-шаралар жоспары мақұлданып, ҚР Үкіметі, республикалық жұмысшылар мен жұмыс берушілердің бірлестігі арасында 2015-2017 жылдарға арналған Бас келісім жобасы қаралды.
Кеңесті қортындылай келе, Б.Сағынтаев жұмысшылар мен жұмыс берушілердің серіктестік қарым-қатынасы саласындағы құқықтық білім мен мәдениет деңгейін арттыру қажеттігін атап өтіп, сондай-ақ қарыздарды өтеу бойынша жұмысты жандандыруды және жалпы жалақы төлеу мәселелерін шешуді тапсырды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады