«Atameken Startup Almaty» бизнес-идеялар конкурсына 70-тен астам адам қатысты

4 Тамыз, 2014 17:24
1-3 тамыз аралығында Алматы қаласында «Atameken Startup Almaty» бизнес-идеялар конкурсы болып өтті, «Атамекен Стартап» ҚҚ ҚР Білім және ғылым министрлігі жастар ісі жөніндегі комитет және ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп ұйымдастырды.

«Шара жұмыс демалысы пішінінде өтті, сол уақыт ішінде жас кәсіпкерлерге өз стартап-жобаларын шығаруға мүмкіндік берілді. Барлық  демалыста тұжырымдама, бизнес-жоспар, crush-тесттер дайындалды. Жұмыстың мақсаты – минималды өмір сүруге қабілетті өнім құру», - деп «Атамекен Стартап» ҚҚ хабарлады.

Шараға уақыт регламентінің қойылуы  командаларға  ерекше талпыныс сыйлады.

Сенбіде ақтық мәреге 15 құрама команда шықты.

Әрбір 15 команданың таныстырылымына 4 минут және 3 минут әділ қазылар сұрағына қалған болатын.

Барлық жобаларды тыңдап болғаннан кейін әділқазылар алқасы саралап 3 команданы жеңімпаз деп тапты.

Айта кетерлігі, 3 жеңімпаз болғанына қарамастан барлық бизнес-жобалар бизне-періштелер клубы – олжалы кәсіпкерлердің бейресми ұйымының қарауына жіберіледі.Ұнаған стартап жоба 50 000 доллар көлемінде қаржыға ие бола алады. 

Барлық жаңалықтар