- Басты
- Жаңалықтар
- Қостанай облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар өз ісін ашуға несие алды
Қостанай облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар өз ісін ашуға несие алды
4 Тамыз, 2014 16:53
Қостанай облысының Алтынсарин ауданында мүмкіндігі шектеулі бірнеше азамат «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өз ісін ашу үшін несиеге ие болды.
«Нұр Отанда» хабарлағандай, партия филиалының мүшелері Кәсіпкерлер палатасы арқылы бизнестің дамуына керекті қаражат алды.
Кәсіпкерлердің бірі Дәркей Мұхаметхан 3 топ мүгедегі, 3 баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана ұлттық стильдегі өзінің тігін шеберханасын ашты.
«Ол 574 мың теңгенің грантына ие болды. Қазіргі таңда кәсіпкер қажетті қондырғылар мен техниканы алуда», - делінген хабарламада.
Алтынсарин ауданында мүгедектігі бар 426 адам өмір сүруде. 18 адам «Кедергісіз келешек» жобасы арқылы жұмысқа орналасты.
Аудандық филиал кәсіпкерлер мен мүгедектердің қатысуымен 3 жұмыс орын жәрмеңкесін өткізді, ол арқылы 14 адам жұмыспен қамтылды.
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда