ШҚО-да «Қазақстан оқушысы-2014» халықаралық веложарысы басталды

4 Тамыз, 2014 19:17
Өскеменде 45-ші дәстүрлі «Қазақстан оқушысы-2014» веложарысы басталды, ол велоспорттың 100-жылдығына арналып отыр, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.

Ел бойынша 17 команда және Өзбекстан командасы, яғни 100 спортшы шығыс аймағының жолымен жүріп өтетін веложарысқа қатысады.

«Аталмыш шара веложарыстың 100-жылдығына ғана емес, сондай-ақ, он күн бұрын Тур де Франс жарысысынан жеңіп алған қазақстандық команданың жеңісіне арналды», - деді ШҚО облыс әкімінің орынбасары Ермек Көшербаев.

Веложарыс 5 күнге созылады. Бұл уақыт аралығында 20,45,50 және 100 шақырым жолды жүріп өту қажет. 

Барлық жаңалықтар