Жекешелендірудің басты өлшемі - нарықта ұқсас компаниялардың болуы

4 Тамыз, 2014 18:10
Коммуналдық кәсіпорындарды жекешелендірудің басты өлшемдерінің бірі дәл осындай компаниялардың нарықта болуы, деп ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Г. Оразбақов хабарлады.

«Бұл өлшем отандық заңнамаға енгізіліп жатқан «сары парақ» талаптарына сай. Мысалы жекешелендіруге ұсыныс берілген ұйымдардың барлығы мемлекеттік тілді үйрену бойынша қызмет көрсетеді. Сонымен, ШҚО аумағында 10 коммуналдық кәсіпорын жұмыс істейді, олар мемлекеттік тілді үйретумен айналысады. Осы ретте, тек Өскемен қаласының өзінде ақылы түрде мемлекеттік тілді үйретумен  6 жекеменшік секторының субъекті бар», - деді Г. Оразбақов.

Оның айтуы бойынша, міндетті түрде қатты тұрмысты қалдықты шуғарумен және ауланы абаттандырумен айналысатын кәсіпорындарды жекешелендіру ұсынылды.

«Мұндай активтердің бизнес үшін тартымдылығы күмән келтірмейді. Себебі, кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнама барысында осы салаға ерекше қызығузылық білдірілді. Мысалы, астанада ҚТҚ шығарумен бірқатар жекеменшік субъектілері айналысады. Алайда, әкімдіктің ұйымы атқарып отырған жұмыстан олардың жұмыс көлемі соншалықты көп емес», - деп агенттіктің төрағасы атап өтті. 

Барлық жаңалықтар