- Басты
- EXPO-2017 үздiк тұмар дизайны авторы 7 мың доллардың келісім-шартына қол қояды
EXPO-2017 үздiк тұмар дизайны авторы 7 мың доллардың келісім-шартына қол қояды

«Бүгiн ел назарына үздiктерiн ұсынамыз. Маскот барша әлемге танымал болатын көрменiң бейнесiне айналып, өздерiңiз таңдаған тұмар Қазақстанға сәттiлiк әкеледі, деп сенемiн. Жеңiмпаз атанған автор лайықты марапатпен қатар, көрменiң Маскот брендбугын жасау туралы келiсім-шартқа қол қояды. Келiсiм-шарттың құны 7 мың доллар», - дейдi «Астана ЭКСПО – 2017» ҰҚ» АҚ Маркетинг және жұртшылықпен байланыс жөнiндегi департамент директоры Әсел Қожақова.
Бiрiншi кезең қорытындысы бойынша Байқау комиссиясы Көрме талисманы құқығына таласатын 7 қатысушының жұмысын iрiктеп алды. Олардың қатарына Қазақстан мен Украинадан әр түрлi жарнама агенттiктерi мен жеке дизайнерлер жолдаған талисмандар кiрдi.
Байқауға түскен жобалардың басты талабы «Болашақ энергиясы» көрме тақырыбына сай келуi тиiс. Сонымен қатар, қабылдаушы ел – Қазақстан Республикасы мәдениетiнiң ерекшелiктерiн айғақтауы шарт.
Байқау шарттарына сай, жеңiмпаздар 2014 жылғы тамыз айының 4-18 аралығында өтетiн халықтық дауыс беру арқылы анықталады. Көп дауыс жинаған үш жобаның iшiнен біреуi жеңiмпаз болып танылады. Байқау нәтижесi 19 қыркүйекте жарияланады.
Дауыс беруге қатысу үшiн Facebook, VKontakte, Twitter немесе Мой мир әлеуметтiк желiлерiнде тіркелу қажет. Немесе электронды пошта арқылы арнайы код алып қана дауыс беруге болады.
Тiркелген пайдаланушы жеті дизайнның бiреуiне ғана даусын бере алады. Байқауға ұсынылған жұмыстармен www.expo2017mascot.kz сайтында танысуға болады.
Индира Кауметова
Суретті түсірген Азамат Әлиев
-
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ
-
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты
-
ШОБ: Алдағы үш айда мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары күшіне енеді
-
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды
-
Наурыз айында ЭЕБ-да 62,5 мың бос жұмыс орны орналастырылды
-
Жыл басынан бері 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
2021 жылғы қаңтар-ақпанда 649 мыңнан астам адам әлеуметтік көмек алды
-
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
-
Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау: Үздiк бизнес-идеяға аpналған конкуpстың шарттары қандай
-
Цифрландыру: Әлеуметтік қызметтің 91%-ы электронды түрде көрсетілді
-
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары
-
13 мыңнан аса азамат 1 наурыздан бастап әскер қатарына шақырылады
-
Еңбекмин: зейнетақы жүйесі, АӘК және балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары
-
Дін көшбасшыларының тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі қандай
-
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты

