Қазақстан 2 ай ішінде РФ-ға 1,5 тонна сиыр етін экспорттады

4 Тамыз, 2014 19:41
2014 жылдың 15 шілдесіне алдын ала жасалған мониторингі нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың сиыр етінің экспорты 1 510,4 тоннаны құрады, деп «ҚазАгро» АҚ хабарлады.

Айта кетейік,2014 жылғы 14 мамырдағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және республикадағы облыс әкімшіліктері арасында қол қойылған «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетінің дамуы» жобасының аясында жасалған үш жақты меморандумдарымен (бұдан әрі – Меморандум)  2014 жылы Ресей Федерациясына 9700 тонна көлемінде сиыр етін экспорттау жоспарланған. Бұл көрсеткіш сиыр етінің өндірілетін көлеміне сәйкес және тұрғындардың тұтынуын есепке ала отырып  осы көрсеткіш облыстарға бөлінді.

Сиыр етін экспорттау бойынша Меморандумның орындалу  мониторингі  «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес компаниясы  «ҚазАгроӨнім» АҚ-мен өткізіледі. 

2014 жылдың 15 шілдесіне алдын ала жасалған мониторингі нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың сиыр етінің экспорты 1 510,4  тоннаны құрады, соның ішінде салқындатылған сиыр еті -  693,3 тонна.

Экспорттың негізгі  көлем  Батыс Қазақстан облысы (47,4%) -  716,4 тонна ет және ет өнімі (экспорттаушылар:     «Crown Батыс» ЖШС, «Орал шұжықтары» ЖШС, «Кублей» ЖШС,  «Ертарғын» Ш/Қ, «ТЭБ» ЖШС, «АгроӨнім LTD» ЖШС, «Кенжетай» Ш/Қ,  «Даурен Ш/Қ»  және т.б.);

 

Барлық жаңалықтар