• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бәсекелестік ортаға квазимемлекеттік сектордың 782 ұйымы көшеді – вице-министр

Бәсекелестік ортаға квазимемлекеттік сектордың 782 ұйымы көшеді – вице-министр

4 Тамыз, 2014 12:33
Бәсекелестік ортаға квазимемлекеттік сектордың 782 ұйымы көшеді, деп ОКҚ баспасөз брифингінде экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Құсайынов мәлімдеді.

«Үкіметпен заңсыз нысандар үшін жекешелендірудің екінші толқынын өткізу тапсырылды, сондай-ақ, Үкімет 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жекешелендіру жоспарын қабылдады, онда квазимемлекеттік ұйымдарды бәсекелестік ортаға өткізу қарастырылған», - деді ол.

М. Құсайынов атап өткендей, 782 ұйымды жекешелендіру қарастырылған, олардың ішінде республикалық және коммуналдық меншіктер бар.

«Бәсекелестік ортаға ауыстырылатын квазимемлекеттік секторлардың қатары бекітілді, оған 782 ұйым еніп отыр. Оның ішінде республикалық меншікте 29 ұйым және 3 нысан, коммуналдық меншік бойынша 416 ұйымды жекешелендіру қарастырылған», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, вице-министр ұлттық холдинг пен компаниялар бойынша 377 активті бәсекелестік ортаға жіберу қарастырылған.

«Бәсекелестік ортаға «Самұрық-Қазына» қоры бойынша 106 актив, Бәйтерек – 15, ҚазАгро-32, Парасат – 8, Зерде – 2 және әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация бойынша 174 нысан берілмек», - деді ол. 

Индира Кауметова 

Барлық жаңалықтар