Н.Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесі кешенінің эскиз-идеяларымен танысты

4 Қыркүйек, 2013 00:00
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесі кешенінің эскиз-идеясын таңдау жөніндегі архитектуралық конкурстың нәтижесімен танысты.

«Қазақстан Президентіне көрменің өлшемдеріне анағұрлым сай келетін жобалар өз параметрлері бойынша ұсынылды», - делінген ақпаратта.

Нұрсұлтан Назарбаев таңдап алынған эскиз-идеяларды қарап шығып, олардың әрқайсының жақсы жақтарын атап өтті. Елімізде «жасыл экономиканы» дамыту жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруға қатысты қарастырылған жобалардың перспективасының жайы бөлек талқыланды.

ЭКСПО-2017 көрмесі кешенінің үздік эскиз-идеясы туралы шешім кейін жария етіледі.

Барлық жаңалықтар