- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысының аз қамтылған отбасыларында 21 мың бала тәрбиеленуде – әкімдік
Қызылорда облысының аз қамтылған отбасыларында 21 мың бала тәрбиеленуде – әкімдік
«Игі бастама биыл Қазақстанның Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясын ратификациялағанына 20 жыл толуына орай «Балаға мейірім сыйла!» ұранымен өтеді», - делінген хабарламада.
«Қайырымдылық акциясы аз қамтылған және көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан, сондай-ақ жетім немесе ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларға оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету, сонымен қатар әртүрлі әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бара алмай қалуының алдын алу мақсатында алтыншы рет ұйымдастырылып отыр», - деді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Сайлыбаев.
Мониторинг көрсеткендей, бастауыш сыныптағыларды жаңа оқу жылына дайындауға – 14-16,4 мың, ортаңғы сынып оқушыларына – 19-21 мың, жоғарғы сынып оқушыларына 23 мың теңгеден көп керек. Жыл өткен сайын қайырымдылық акциясына атсалысып, көмек көрсетушілер қатары артып келеді.
Былтыр «Мектепке жол» акциясы барысында қаржылай көмектің арқасында 24 мыңға жуық бала жалпы сомасы 141 млн. теңгенің көмегін алып, облыс республика бойынша 4-орынға ие болған еді. Оған аймағымыздағы мұнай компаниялары, бизнес құрылымдары мен банктер, мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлер сүбелі үлес қосты.
Басқарманың мәліметінше, биыл мектеп табалдырығын 15 450 бүлдіршін аттайды. Жалпы облыс бойынша 8 204 бала – толық емес, 484 бала – қолайсыз, 15 405 бала көпбалалы отбасыларда тәрбиеленуде. Ал аз қамтылған отбасында 21 205 бала бар.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды