- Басты
- Жаңалықтар
- Жоғарғы соттың веб-сайты меморгандардың интернет-ресурстары арасында көш бастады
Жоғарғы соттың веб-сайты меморгандардың интернет-ресурстары арасында көш бастады
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін арттыру мақсатында Жоғарғы Соттың және жергілікті соттардың Интернет-ресурсында «Сот құжаттарымен танысу» және «Сот кабинеті» электронды сервистері іске қосылды. Аталған сервистердің арқасында азаматтар онлайн режимде талап арызын электронды түрде беріп қана қоймай, сондай-ақ сот актілерімен жылдам таныса алады.
Сот кабинетінде қосымша электронды өтініш беру, хаттама (сот актісі) көшірмесін беру туралы өтініш, сот отырысының хаттамасына ескертпе, төлем түбіртегін тексеру, сот ісін іздеу секілді сервистер іске қосылған.
Биылғы жылдың барысында Жоғарғы Соттың және жергілікті соттардың орталықтан басқарылатын және біртұтас тұғырнамаға ие интернет-ресурстарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесінде Жоғарғы Соттың веб-сайтын пайдалану көрсеткіші 2 есеге артып, тәулігіне 2 500 дербес тұтынушыларды құрап отыр.
Мемлекеттік органдардың ресми Интернет-ресурстарының ақпараттандыру деңгейін бағалау үшін «Қазконтент» АҚ бірқатар көрсеткіштерді негізгі критерий ретінде айқындады. Олардың қатарында материалдардың өзектілігі мен жеделдігі, жаңалықтар лентасы мен сайттың басқа да бөлімдерінің уақытылы толтырылуы көрсеткіші бар. Бұған қоса, сайттың интерактивтілігі, оқылуға жеңілдігі, мультимедиялық деңгейі, мемлекеттік орган басшысының дербес блогының болуы, азаматтардың сауалдарына берілетін жауаптың сапасы мен толық болуы, электронды қызметтердің ұсынылуы, тілдік нұсқалары, ресурстар каталогы, алға бастыру (SEO, SMM) жағы да ескеріледі.
2014 жылдың басында Жоғарғы Соттың сайты 28 орында болатын. Жүйелі жұмыстарды қолға алудың нәтижесінде сайт ағымдағы жылғы мамырда – 4, ал маусымда – 2 орынға шықты.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Қ.Көшербаев: Қаныш Сәтбаев халқына қызмет етуді бір сәтке болсын тоқтатқан емес -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
Президент тапсырмасы: Техникалық және кәсіби білім беру мен оқулықтарды цифрлы форматқа көшіру