Ақтаудың білім саласына 9 млрд. теңге бөлінді

2 Тамыз, 2014 11:04
2014 жылы қаланың білім саласына 8,9 млрд теңге немесе қала бюджетінің жалпы көлемінің 45%-дан астамы бөлінді, деп қалалық әкімдіктен хабарлады.

Сонымен, 2014 жылы Ақтау қаласының білім саласына қалалық бюджеттің 45%-дан астамы немесе  8,9 млрд теңге бөлінді.

Естеріңзге сала кетейік, Ақтау қаласы ҰБТ нәтижесі бойынша ағымдағы жылы республикада үшінші орынға табан тіреді. Аймақ бойынша орташа балл 76,74 (2013 жылы – 74,34 балл) құрады. Жалпы, қаладағы түлектердің 75,1%-ы ҰБТ-ға қатысты. Сынақта 907 мектеп бітірушінің 121-і  100 және оданда жоғары ұпай жинады.  

Айта кетерлік жайт, бірқатар білім нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлінеді. Биыл қаладағы №1, 14 пен 15 орта мектептерге жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Барлық жаңалықтар